Оқиға

Алматы облысындағы жантүршігерлік жол апатынан 8 адам қаза тапты

© Sputnik / Медиабанкке өтуРазбитое стекло автомобиля
Разбитое стекло автомобиля - Sputnik Қазақстан
Жазылу
24 наурызға қараған түні болған жантүршігерлік жол апатынан алты ересек адам мен екі бала көз жұмды

АСТАНА, 24 наурыз — Sputnik. Алматы облысындағы трассада екі жеңіл көлік соқтығысқан. Жол апатынан сегіз адам мерт болып, бір бала тірі қалды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жол белгісі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағанды облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Жол апаты Еңбекшіқазақ ауданында 23 наурыздан 24 наурызға қараған түні Алматы — Көкпек — Көктал трассасының бойында болды.

Қазақстан ауылының маңында Nissan Primera мен Toyota Vista көліктері соқтығысқан. Апат салдарынан 8 адам қаза тапты, оның ішінде екеуі 2015 және 2017 жылы туған балалар. Тірі қалған сегіз жасар бала ауруханаға жеткізілді.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, сараптама тағайындалды.

Жаңалықтар
0