Оқиға

Алматы облысында күзетшіні атқан ер адам ұсталды

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуқаруланған ер адам
қаруланған ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұсталған Талдықорған қаласының 22 жастағы тұрғыны уақытша ұстау абақтысына отырғызылды

АСТАНА, 24 нау — Sputnik.  Талдықорған полициясы ойын-сауық кешенінің  күзетшісіне травматикалық қарудан оқ атқан  ер адамды ұстады, деп хабарлады Алматы облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

23 наурыз күні Талдықорған ауруханасына  жергілікті ойын-сауық кешендерінің бірінің 32 жасар күзетшісі жеткізілді. Оған дәрігерлер травматикалық қарумен ату нәтижесінде алған иық жарақаты диагнозын қойды. 

Жәбірленуші күзетшінің "стражник" травматикалық тапаншасын пайдаланған мас кешенге келушінің бұзақылық әрекеттеріне тосқауыл болу кезінде зардап шеккені анықталды. Төбелес кезінде бөлініп кеткен қарудың бір бөлігі қылмыстық істің материалдарына кіргізілді. 

"Жедел-іздестіру шаралары барысында Талдықорған 22 жастағы тұрғыны болып шыққан күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына отырғызылды", — деп хабарлады полицияда. 

ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша "Бұзақылық" қылмыстық іс қозғалды. 


Жаңалықтар
0