Оқиға

Спайс шегіп алған әйел көңілдесін өлтірген

© Sputnik / Табылды Кадырбековадамның қолы
адамның қолы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синтетикалық шегетін қоспа адамды есінен айырып, ақыл-ойын тежейді

АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының 39 жастағы тұрғыны есірткі шегіп алып, көңілдесін өлтіргені үшін сегіз жарым жылға сотталды деп хабарлайды YK-news.kz.

Пышақ - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ШҚО тұрғыны кәсіпкер әйелді өлтіргені үшін сотталды

Алтайка ауылының тұрғыны үйінде азаматтық некедегі күйеуі және немере ағасымен бірге болады. Ортақ таныстары келгенде, әйел кендірді (конопля) сүтке қайнатып отырған. Әлгі адам синтетикалық шегетін қоспа – спайс ала келіпті. Төртеуі бірге қоспаны шегіп көрген екен. 

"Есірткі шегіп алған үй иесі мен көңілдесі ұрысысып қалады. Ашу үстінде әйел көңілдесінің кеудесіне пышақ салған. Ер адам сол жерде көз жұмыпты", — деп хабарлайды басылым.

Сот айыпталушыны сегіз жарым жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Жаңалықтар
0