Оқиға

Теміртауда екі жасар сәбиді ұрлаған бала күтушісі ұсталды

CC0 / / Бала көтерген әйел
Бала көтерген әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел адам Астанада ұсталды, ол біраз уақыттан соң баланы қайтармақшы болғанын мәлімдеді

АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Полицейлер сәбиді ұрлаған 22 жастағы жас бала күтушісін ұстады деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, 26 наурыз күні кешке полицияға Теміртау қаласының 22 жастағы тұрғыны хабарласып, екі жасар сәбиін бала күтушісі ұрлап кеткенін мәлімдеген. Жедел іздеу шаралары нәтижесінде күдікті Астана қаласында табылып ұсталды. 

"Ол өзін "мама" деп атаған сәбиді жақсы көріп кеткенін мойындады. Аналық сезімге бөленгісі келгенін, біраз уақыттан соң баланы анасына қайтарып бермекші болғанын айтты", — делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 125-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Жаңалықтар
0