Оқиға

Сот ҰҚК бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың қамау мерзімін ұзартты

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуУҰИ
УҰИ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дүтбаевқа мемлекеттік құпияны жария етті және өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр

АСТАНА, 27 нау – Sputnik. Сот  үстінен мемлекеттік құпияны жария етті және өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың қаумау мерзімін мамырға дейін ұзартты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Астана сотының баспасөз қызметі. 

Өткен жылдың соңында ҚР ҚК 185-бабының 3-тармағы "Мемлекеттік құпияны жария ету" және 362-бабының 3-тармағы "Билік пен қызметтік бабын асыру" бойынша Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталды. 

"№2 Есіл аудандық соты Дүтбаев, Хасен Нұрлан және Нұртаевтің қамауға алу мерзімін 26 мамырға дейін ұзартты", — деп хабарлады әңгімелесуші Sputnik Қазақстанға.

Нартай Дүтбаев 2001-2006 жылары Қазақстан Республикасы Ұлттық комитеті төрағасы қызметін атқарған. 

Жаңалықтар
0