Оқиға

Футболдан Қазақстан құрамасының мүшесін Ереванда ұмытып кеткен

© pixabay/gustavmelin0Ұшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Армениядан жеңіліп қалғанан кейін еліміздің құрамасы бірнеше келеңсіздікке тап болды

АСТАНА, 27 нау — Sputnik. Футболдан Қазақстан құрамасы Армениямен өткен ойыннан кейін баспасөз хатшысын тастап, өздері әуежайға кетіп қалған. 

Қазақстан құрамасының Армениядағы сәтсіздіктері әлем чемпионатының 2018 жылға арналған іріктеу турниріндегі жеңілісінен кейін де жалғасын тапты. 

Ең алдымен, қазақстандық футболшылар мінген ұшақ түнде еревандық "Звартноц" әуежайына шұғыл қонған еді.

Футболшыларға бір сағаттан артық қонақүйде күтуге тура келді. Екінші оқиға, Sputnik Армения тілшілері түндегі жағдайдың мән-жайын анықтау үшін қонақүйге келген кезде болды. Ол кезде команданың басым бөлігі ғимараттың кіре берісінде, ал баспасөз хатшысы Қайыров фойеде тұрған. 

Қайыров болған оқиға тілшілерге айтып беріп жатқанда, қонақүй менеджері таңдана қарап: "Сіз әлі осындасыз ба?! Автобус жаңа ғана жүріп кетті" дейді.

Журналистер мен баспасөз хатшысы қонақүйден шыққанша автобус кетіп қалыпты.  Сөйтіп, Қайыровқа әуежайға өз бетінше баруға тура келді. 


Жаңалықтар
0