10:30 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Человек в наручниках, задержанный полицейскими, фото из архива

Қазақстандық Ресейде екі адамды айуандықпен өлтірген

© AFP / ALAIN JOCARD
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
53 0 0

Аса ауыр қылмыс жасаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АСТАНА, 3 сәуір— Sputnik. Қазақстандық Самарада  зейнет жасындағы екі әйелді өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды Самара облысы бойынша Ресейдің тергеу комитеті. 

"Қазақстан Республикасының 37 жастағы тұрғынына РФ қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-тармағында қарастырылған қылмысты жасады деген айып тағылып отыр", — деп хабарлады тергеу комитетіндегілер. 

Тергеу кезінде анықталғандай, ер адам 64 және 67 жастағы зейнеткерлерді алдап, үйге кірген. Бірінші әйелді 25 наурызда, екіншісін екі күннен кейін өлтірген. 

"Мой город" өңірлік басылымы хабарлағандай, күдікті әйелдерді айуандықпен өлтірген. Бірінші зейнеткерді тұншықтырып өлтірсе, екіншісін пышақтап тастаған. Ер адамды ұстаған кезде одан әйелдердің алтын әшекейлері табылды. 

"Сот шешімі бойынша айыпталушы қамауға алынды. Ер адам жасаған қылмыстар аса ауыр қылмыс санатына жатады, бұл үшін тіпті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін", — деп атап өтті Ресей тергеу комитеті. 

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, қылмыстық тергеу жүргізілуде


Басты тақырыптар