Оқиға

ҚР СІМ Петербургтегі метрода қазақстандықтардың зардап шегіп-шекпегенін анықтауда

© REUTERS / Anton VaganovВзрывы в метро в Санкт-Петербурге
Взрывы в метро в Санкт-Петербурге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Санкт-Петербург метросының екі мтанциясында жарылыс болды

АСТАНА, 3 сәу – Sputnik. ҚР СІМ петербургтік метродағы жарылыс салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер арасында қазақастандықтардың бар-жоқтығы туралы ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға сыртқы саяси ведомство баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

Санкт-Петербург метросында "Сенная площадь" пен "Технологический институт" станцияларында жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, вагонда анықталмаған зат жарылған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар бар, олардың саны нақтыланып жатыр. 

"Қазір Санкт-Петербургтегі дипломаттарымыз құрбан болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары болды ма жоқ па анықтап жатыр. Олар қала әкімшілігімен байланыс ұстап тұр", — деді Жайнақов Sputnik Қазақстанға телефон арқылы. 


Жаңалықтар
0