03:59 19 Қазан 2017
Тікелей эфир
жол апаты

Батыс Қазақстандағы жол апатынан бес адам қаза тапты

© Sputnik /
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
116 0 0

Жол апаты Бейнау-Атырау тас жолында болды, үш ер адам, кішкентай бала мен әйел қаза тапты

АСТАНА, 4 сәу — Sputnik. Маңғыстауда салдарынан төрт ересек және кішкентай бала қаза тапқан жол апаты дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды өңірлік "Лада" басылымы. 

Басылымның хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлімі бойынша (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтырған жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Атырау облысындағы тас жолда төрт ересек адам және кішкентай бала қаза тапты. 

"3 сәуір күні шамамен сағат 2:45-терде кезекшілік бөлімге Toyota Camry көлігінің 30 жастағы жүргізушісі республикалық маңыздағы авто жолмен жүріп келе жатып, көлігін басқара алмай қалып, жолдың шетінде тұрған КамАЗ-ға соқтығысты деген ақпарат келіп түсті. Жүк көлігінің салонында жүргізуші болған. Алынған жарақаттардан жол апаты орнында Toyota Camry жүргізушісі мен осы көлік жолаушылары қаза тапты. Екі жеткіншек Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді", —  деп хабарлады басылымға Маңғыстау ішкі істер депатраментінде. 

Полицияның атап өтуінше, КамАЗ жүргізушісі зардап шекпеген. Оның көлігінің салонында жолаушылар болмаған. Зардап шеккен жеткіншектердің бірі Атырау ауруханасына жеткізілді. Тағы бір бала Бейнеу аудандық аурухана дәрігерлерінің бақылауында қалды. 


Басты тақырыптар