07:30 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
Санкт-Петербургтегі жарылыс

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Санкт-Петербургтегі терактіні тергеуге қатысуда

© Sputnik / Анатолий Медведь
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
15 0 0

Қазақстан ҰҚК төрағасының орынбасары мәлімдегендей, Қазақстан азаматы Санкт-Петербургтегі терактіні әзірлеуге қатыспаған

АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Санкт-Петербургтегі терактіні тергеуге ат салысуда.

"Бүгін ФСБ және көрші мемлекеттердің арнайы қызметтерімен бірге Орта Азия мемлекеттерінің бірінен шыққан Ресей азаматының терактіге қатысы барын тергеп жатырмыз. Бұл адам Қазақстан азаматы емес", — деді Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков.

Дүйсенбі күні Мәскеу уақыты бойынша 14:30-да Санкт-Петербург метросында жарылыс болды. "Площадь Восстания" станциясында қолдан жасалған жарылғыш зат дер кезінде табылғандықтан, жарылыстың алдын алуға мүмкіндік туды.

Теракт нәтижесінде 11 адам қаза тапты. Әр түрлі дереккөздерге сүйенсек, зардап шеккендер саны 45 пен 51 адам арасында. 

Басты тақырыптар