Оқиға

Шахандағы жарылыс: түзде қаза болған от жағушының отбасына миллион теңге бөлді

© Photo : пресс-служба акима Карагандинской областиОбрушение жилого дома в Шахтинске
Обрушение жилого дома в Шахтинске - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккен үйдің тұрғындары қазандық жарылған күні жұмыс істеген от жағушыны кінәсіз деп санайды

АСТАНА, 4 сәу — Sputnik. Қарағанды облысындағы түзде үсіп өлген от жағушының артында екі кішкентай баласы қалған. Оларға да Шаханда үйлердің бірінде болған жарылыстан зардап шеккендерге секілді  материалдық көмек ретінде 1 миллион теңге көлемінде ақша береді. 

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шахандағы жарылыс: іздеудегі от жағушының денесі түзден табылды

Кент тұрғындары от жағушы Мейрамбек Жиембаевты кінәлі деп санайды. Сондықтан зардап шеккен шахандықтарға көмек көрсету қоры қаза тапқанның отбасына толық көлемде матариалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдаған.   

"Қамқоршылық кеңесінің шешіміне сәйкес, біз Жиембаевтың отбасына 1 миллион теңге бөліп жатырмыз. Жұмысшының артында екі кішкентай қызы қалған. Біз сондай-ақ, жерлеу рәсімі мен ас беру шығынын көтереміз. Отбасына пәтер беру мәселесі шешіліп жатыр", —  деді қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Жамала Мамерханова.

© Photo : Из личного архива ЖиембаевыхСемья кочегара Мейрамбека Жиембаева
Семья кочегара Мейрамбека Жиембаева - Sputnik Қазақстан
Семья кочегара Мейрамбека Жиембаева
Жаңалықтар
0