03:59 19 Қазан 2017
Тікелей эфир
балық

Қазақстаның арнайы қызметтері халықаралық браконьерлер бандасын ұстады

© Sputnik / Александр Лыскин
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
130 0 0

Браконьерлерден он тонна балық пен браконьерлік аулау құралдары алынды

АСТАНА, 4 сәу — Sputnik. Атырау облысы бойынша ҰҚКД-нің қызметкерлерімен Құрманғазы ауданында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы азаматтарынан құралған, жүзу құралдарын (200-ден астам) пайдалану арқылы балық ресурстарын заңсыз аулаумен айналысқан қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойылды. Қылмыстық топтың белсенді мүшелері, соның ішінде басшылары ұсталды.

"Браконьерлерден 10 тонна қара балықтары, жүзу және браконьерлік аулау құралдары алынды", — деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасында.

Облыстық ҰҚКД-мен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335 бабы 4 бөлігінде (балық ресурстарын заңсыз алу), 361 бабы 4 бөлігінде (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану); 364 бабы 2 бөлігінде (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


Басты тақырыптар