10:32 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Алматыда мас жүргізуші асхана ғимаратына соғылды

Алматыда мас жүргізуші асхана ғимаратына соғылды

© Foto: Предоставлено очевидцами
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
39 0 0

Жүргізуші бағдаршам қызыл жанып тұрғанда шұғыл бұрылмақ болған

АСТАНА, 5 сәуір— Sputnik. Алматыда екі автокөліктің соқтығысу салдарынан біреуі асхана ғимаратына бір-ақ соғылды деп хабарлайды оқиғаны көзімен көрген куәгерлер Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жол апаты Төле би көшесі бойында Тілендиев және Брусиловский көшелерінің арасында болған. BMW автокөлігі Брусиловский көшесі бойымен солтүстік бағытта келе жатқан.

Куәгерлердің сөзіне жүгінсек, бағдаршамның сигналын күтпеген BMW жүргізушісі Төле би көшесіне шұғыл бұрылмақ болған. Соның салдарынан көлікті басқара алмай, батыс бағытта келе жатқан Toyota Camry көлігімен соқтығысады.

Қатты соққының әсерінен BMW көлігі жақын маңдағы асхана ғимаратына бір-ақ соғылады: асхананың терезесі сынып, қабырғаның сылағы қопарылып түсіпті.

Көлік апаты салдарынан жолаушы мен BMW жүргізушісі зардап шеккен. Куәгерлердің айтуынша, екеуі де мас екен, жолаушы ауруханаға жатқызылды.

  • Алматыда мас жүргізуші асхана ғимаратына соғылды
    Алматыда мас жүргізуші асхана ғимаратына соғылды
    © Foto: Куәгерлер түсірген
  • Алматыда мас жүргізуші асхана ғимаратына соғылды
    Алматыда мас жүргізуші асхана ғимаратына соғылды
    © Foto: Куәгерлер түсірген
  • Алматыда мас жүргізуші асхана ғимаратына соғылды
    Алматыда мас жүргізуші асхана ғимаратына соғылды
    © Foto: Предоставлено очевидцами
1 / 3
© Foto: Куәгерлер түсірген
Алматыда мас жүргізуші асхана ғимаратына соғылды

Басты тақырыптар