07:27 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
Тапанша

Ақтөбеде қарулы қарақшылар ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
76 0 0

Полиция Ақтөбедегі екі қарақшылық қылмыстың ашылғандығын мәлімдеді

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Ақтөбе облысының полициясы фирма кеңсесі мен әйел адамға жасалған екі қарақшылық шабуылдың ашылғандығын мәлімдеді.

Бірінші оқиғада Ақтөбе қаласының 25-30 жас аралығындағы үш тұрғыны 29 наурыз күні сағат таңғы сегізде күзетшілерді тапаншамен қорқытып, 250 мың теңге қаражатты тонап кеткен.

Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталды, заттай айғақтар, оның ішінде, пневматикалық тапанша алынып, ұсталғандар тергеу изоляторына қамалды. Сот алды тергеу ісі жүргізіліп жатыр.

Жедел қызметкерлер облыс орталығының тағы екі тұрғынын ұстады. Олар 31 наурыз күні таңғы сағат тоғыз кезінде пышақпен қоқан-лоққы жасап, жүргізуші әйелдің сөмкесін ұрлап кеткен.

Ұсталғандар тергеу изоляторына қамалды, олардың сол сияқты басқа да қылмыстарға қатысы бары тексерілуде.

Басты тақырыптар