Оқиға

Астанада ер адам лифтінің астында жаншылып, мерт болды

© Sputnik / Алексей Ничукин / Медиабанкке өтуЛифт
Лифт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жазатайым оқиға елордалық "Гарант авто сити" сауда үйінде болды

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Астанадағы сауда үйінде 38 жастағы ер адам лифтінің астында жаншылып қалып, метр болды.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты. 

"Бұл дерек қылмыстық кодекстің "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бабы бойынша тіркелді. 1979 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды", — деп хабарлады ішкі істер департаментінің өкілі Софья Қылышбекова. 

Жазатайым оқиғада қаза тапқан ер адам Бөгенбай даңғылындағы "Гарант авто сити" сауда үйінде техникалық қызметші болып еңбек еткен. Сауда үйінің өкілдері уақытымыз жоқ деп, түсінік беруден бас тартты.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптама жүргізілетін болады.

 

Жаңалықтар
0