Оқиға

Астраханда полицейлерді өлтірді деген күдіктілер тағы шабуыл жасады

© Public DomainВооруженный человек в маске
Вооруженный человек в маске - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атыс кезінде күдіктілердің бірі жарақаттанып, екіншісі қаза тапты

АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Бейсенбіге қараған түні Астрахандағы Ресей гвардиясының бекетіне шабуыл жасалды. Шабуыл жасады деген күдік 4 сəуірде полицейлерді  өлтіру ісі бойынша іздеуде жүрген адамдарға келтіріп отыр. Бекетке шабуыл жасағандардың бірі атыста жарақат алды. Алдын ала белгілі болған мәліметке сәйкес, ол бұрын қарақшылық қылмысы үшін сотты болған Нурбол Саспанов.  Оның бірнеше күн бұрын орын алған полицейлерді өлтіру ісіне қатысы болуы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости құқық қорғау органдарындағы дереккөзі. 

"Ресей гвардиясы жауынгерлерімен атыстан кейін шабуыл жасағандардың бірі жарақат алды, ол болжам бойынша Нұрбол Саспанов. Іздеу жалғасып жатыр", — деп түсіндірді дереккөзі. Екінші күдікті өлтірілді, ол да 4 сәуір күні орын алған өлтіру ісі бойынша іздеуде жүргендердің бірі ретінде анықталды. Ол 1996 жылы туған Рамзан Кукулаев болып шықты. 

Болжам бойынша, бекетке шабуыл жасағандар, Renault Logan көлігімен қоғалған. Ол көлікті кейіннен құқық қорғаушылар тауып алды. 

Қаланың Ленин ауданы қоршауға алынды. Ресей гвардиясының бір жауынгері ауыр хәлде жатыр. 


Жаңалықтар
0