10:35 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Архивное фото подростка

Із-түссіз жоғалып кеткен талдықорғандық оқушы Астанадан табылды

CC0
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
170 0 0

Бала бұған дейін де үйінен бірнеше рет қашып кетіп, екі рет оны елордадан тапқан

АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Полиция бір апта бұрын Талдықорғанда жоғалып кеткен оқушыны Астана қаласынан тапты, деп хабарлайды Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

3 сәуірде 17 жастағы оқушының анасы полицейлердің көмегіне жүгінеді. Ол 31 наурыз күні үйден шығып кеткен ұлының қайтып оралмағанын хабарлаған. Жағдайдың мән-жайын анықтау кезінде қала мектептерінің бірінде 11-сыныпта оқитын жеткіншектің бұған дейін де үйінен бірнеше рет кетіп қалғаны белгілі болды.  

"Іздестіріліп жатқан оқушының суреті өңірлік полицияның барлық қалалық және аудандық бөлімшелеріне жіберілді.  2016 жылы жазда оның Астанадан табылғанын ескере отырып, оның суретін елордалық полицейлерге де жіберген. Нәтижесінде астаналық əріптестеріміздің көмегімен біз жеткіншектің тұрғылықты жерін анықтап, ата-анасына ұлдарының аман екенін жеткіздік" – деп хабарлады баспасөз қызметі.  

Қазіргі уақытта оқушы Астана қаласындағы жеткіншектерді уақытша сауықтыру орнында əке-шешесінің келуін күтуде. 


Басты тақырыптар