10:35 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Ақмола облысындағы ірі жол апаты

Ақмолада ірі жол апатына ұшыраған адам полицейлерге алғысын білдірді

© Foto: очевидцы
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
142 0 0

30 наурызда Ақмола облысы тас жолында ірі жол апатына ұшыраған ер адам полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, хат жазды

АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Ақмола облысында ірі жол апатына ұшыраған Қарағанды тұрғыны қол ұшын берген полицейлерге алғысын білдірді деп хабарлайды ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Қарағандылық жіберген хатта жазылғандай, Виталий Сакович 30 наурызда Аршалы ауданында ірі жол апатына тап болған. Сырт киімі жұқа болып, сол күні қар жауып тұрғандықтан, үсті малмандай су болады.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер Саковичті көліктеріне отырығызып, жылытып, су беріп көмектескен.

"Ұят болса да айтайын, есім шығып кеткені сонша, құтқарушыларымның есімдерін де сұрап алмаппын", — деп жазады Сакович.

Қарағандылық өз хатында уақытылы көмек көрсеткен полицейлерге алғыс айтады. Кейінірек белгілі болғандай, жәрдем берген полицейлер сержант Тұрар Бимжанов пен сержант Егінбай Райымбек екен.

Полиция сержанттары Тұрар Бимжанов пен Егінбай Райымбек
© Foto: Ақмола облысы ІІД
Полиция сержанттары Тұрар Бимжанов пен Егінбай Райымбек

Басты тақырыптар