04:07 19 Қазан 2017
Тікелей эфир
Архивное фото мужчины на скамье подсудимых

Ақмола облысында әйел туған қызын жәбірлеген көңілдесін сотта жақтап шықты

© Sputnik / Илья Питалев
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
338 0 0

Ер адам өз көңілдесінің 16 жастағы қызына жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған

АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Ақмола облысында ұзақ мерзімге сотталған педофилді жәбірленген қыздың анасы сотта жақтамақ болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға өңірлік прокуратурадан.

Ведомствоның хабарламасына сәйкес, азамат А. пышақпен қорқытып, өз көңілдесінің 16 жасар қызын зорлаған екен. Жәбірленушінің анасы тергеу аяқталған соң, сотта өзінің көңілдесін жақтап, оны қылмыстық жауапкершіліктен құтқармақ болды. 

Алайда прокуратура бұлжытпас деректер мен дәлеледер негізінде істі соңына дейін жеткізді. 

Бұрын төрт рет сотты болған 35 жастағы ер адамның көңілдесін пышақпен қорқытып, қамап қояды да, кәмелетке толмаған қызды үйінен алып кеткені анықталды. 

Сот үкімімен ол 13 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын ерекше тәртіптегі колонияда өтейді.

Айта кетсек, бұл облыста жәбір көрген қыздың анасы сотталушыға болысып шыққан алғашқы жағдай емес. 

Прокуратураның деректеріне сәйкес, өткен аптада азамат П. сотталды. Ол екі жыл бойы көңілдесінің 10 жастағы баласына жыныстық сипаттағы әрекеттер жасаған. Бұл жағдайда да жәбірленушінің анасы көңілдесін жақтаған. Алайда құқық қорғау органдары әйелді райынан қайтара білді. 

Басты тақырыптар