Оқиға

Қостанай мұғалімі оқушы қызды азғындады деген күдікке ілінді

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуЕр адам
Ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елу екі жастағы дене шынықтыру пәні мұғалімі оқушыны азғындады деген күдікпен ұсталды

АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Қостанайда орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі оқушы қызды азғындады деген күдікпен ұсталды, оған қатысты сот алды тергеу ісі жүргізілуде деп хабарлайды alau.kz.

Жеткіншек - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанай облысында педофил 11 жылға сотталды

Қостанай облыстық прокуратура басқармасының басшысы Қайрат Жүсіповтің сөздеріне сүйене отырып, басылым хабарлағандай, 52 жастағы ер адам жұмыстан шығарылған, оған 13 жасар қызды азғындады деген күдік келтірілді.

Қазіргі уақытта бұрынғы мұғалім қамауда отыр.

Осы өңірде наурыз айының соңында тағы бір педофил 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Жаңалықтар
0