Оқиға

Алматыда жол апатына ұшыраған көлік қатты соққыдан аударылып түскен

© Photo : Предоставлено очевидцамиАлматыда көлік аударылып түсті
Алматыда көлік аударылып түсті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аударылып түскен көліктің жүргізушісі қауіпсіздікті ескерместен, көше қиылысына бір-ақ шығыпты

АСТАНА, 8 сәуір — Sputnik. Алматыда көше қиылысында екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан біреуі аударылып түсті, жүргізуші зардап шекті деп хабарлайды куәгерлер Sputnik Қазақстан агенттігіне.

жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Батыс Қазақстандағы жол апатынан бес адам қаза тапты

Жол апаты жұма күні кешкісін Тургут Озал және Шәкәрім көшелерінің қиылысында болған.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Lexus автокөлігі бір бағытта жүретін Тургут Озал көшесі бойымен оңтүстікке қарай келе жатады. Toyota Yaris жүргізушісі Шәкәрім көшесімен келе жатып, "Жол беріңіз" деген белгіні ескермей, көше қиылысына бір-ақ шығады. Сол кезде оған Lexus көлігі бар жылдамдықпен келіп соғылған. Қатты соққыдан Toyota көлігі аударылып түсіпті.

Жол апатынан аударылып түскен көліктің жүргізушісі зардап шекті. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0