Оқиға

Алматы-Дубай бағытында ұшқан ұшақ кері оралды

© Photo : Официальная страница авиакомпании "Эйр Астана" в Facebook"Эйр Астана" компаниясының ұшағы
Эйр Астана компаниясының ұшағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әуе кемесінің кері оралуына себеп болған қандай ақаулық екенін нақтылап жатқан жоқ

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. "Эйр Астана" әуе компаниясының КС895 Алматы-Дубай рейсін орындаған ұшағы техникалық себептерге байланысты ұшқан әуе жайына оралды, деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі. 

"Бүгін Алматыдан Дубайға КС895 рейсін жасаған ұшақ техникалық себептермен ұшқан әуе жайына оралып, 8 сағат 33 минутта қонды. Экипаж қауіпсіздіктің барлық халықаралық процедураларын орындады", — делінген таратылған хабарламада.

Дубайға әуе кемесі ауыстырылғаннан кейін 10.15-те ұшағы деп хабарланады. Бортта 133 жолаушы болған.

Бұдан бұрын наурыздың соңында Алматыдан Бішкекке ұшқан "Эйр Астана" ұшағы да ұшып кетіп, кері оралған болатын.

Жаңалықтар
0