Оқиға

Талдықорғанда букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен екі адам ұсталды

© AFP 2024 / DANIEL SANNUM LAUTEN Кісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаскүнемдер кассадан 48 мың теңге тонап кеткен.

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Талдықорған полицейлері букмекерлік кеңсеге қарулы шабуыл жасады деген күдікпен екі адамды ұстады деп хабарлайды Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Тапанша - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбеде қарулы қарақшылар ұсталды

Бұл оқиға 3 сәуір күні болған. Бетперде киген екі адам қару (қаруға ұқсайтын зат) кезеніп қорқытып, кассадағы 48 мың теңге қаражатты тонап кеткен.

"28 және 30 жастағы Талдықорған тұрғындары ұсталды. Олардың бірі бұдан бұрын ұрлық жасағын үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Заттай айғақ ретінде күдіктілерден қарақшылық шабуылы кезінде бетін бүркеген бетперделер алынған", — деп мәлімдеді полиция.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. ҚР ҚК "Қарақшылық" бабы бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Жаңалықтар
0