Оқиға

Қарағандылық "Шахтер" футболшысының әмиянін ұрлап кетті

© Photoқамауға алу
қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас жігіт шешінетін бөлмеден спортшының жеке заттарын қолды қылған, алайдап көп ұзамай ұсталды

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Полиция Қарағандыда "Шахтер" футбол клубы ойыншысының әмиянін ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствода хабарлағандай, 20 сәуір күні полицияға "Шахтер" ФК 34 жастағы футболшысы "Шахтер" базасындағы киім ауыстыратын бөлмеден партмонесінің қолды болғаны туралы арызданған. Оның ішінде, спортшының сөзіне қарағанда, 20 мың теңге мен құжаттары болғанын айтқан.

Полиция Қарағанды қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстап, одан жоғалған заттарды алған. Қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды полициясы жеке заттарын қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмауға шақырады.

Жаңалықтар
0