Оқиға

"Эйр Астананың" Ақтауға ұшқан ұшағы Алматыға оралуда

© Photo : Пресс-служба "Эйр Астана"Самолет A320NEO Эйр Астана
Самолет A320NEO Эйр Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Эйр Астана" әуе компаниясының ұшағымен болған кезекті келеңсіздік Алматы-Ақтау рейсінің экипажын оңтүстік елордаға оралуға мәжбүрледі

АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Алматыдан Ақтауға ұшқан ұшақтың экипажы техникалық ақаулыққа байланысты кері оралу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды әуе компанияның баспасөз қызметі.

Алматы әуежайының сайтында көрсетілгендей, борт сейсенбі күні 10.15-те оңтүстік елордадан ұшқан. "Алматы-Ақтау рейсін жасаған Airbus А320neo ұшағы қозғалтқыштағы май деңгейін индикациялау жүйесіндегі ақаулық себебінен ұшқан әуе жайына оралады", — делінген хабарламада.

Экипаждың ұшқан әуежайына оралы туралы шешімі халықаралық қауіпсіздік процедураларына сәйкес. Қонған кезде ұшақ толық техникалық тексеруден өтеді, деп атап өтті әуе компаниясында.

Жаңалықтар
0