Оқиға

Алматыда жүк көлігі велосипед мінген қарияны басып өтті

© Photo : Предоставлено очевидцамиГрузовик переехал велосипедиста в Алматы
Грузовик переехал велосипедиста в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарт адам жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды

АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Алматыда жүк көлігі доңғалағының астына түскен велосипедшіні басып өтті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаның куәгерлері. 

Жол апаты Бекмаханов көшесінде болған. Велосипед пен Foton жүк көлігі Бекмаханов көшесінің бойымен шығысқа қарай бет алып келе жатқан. 

Велосипедші жанындағы қатарға тұрмақ болғанда траекториясы мен жылдамдығын дұрыс есептемей, жүк көлігінің артқы доңғалағының астына кіріп кетеді. Көлік ер адамды басып өткен. 

1945 жылы туған ер адам "жедел жәрдем" келгенше оқиға орнында көз жұмды. 


Жаңалықтар
0