Оқиға

Қазақстандық бала Сауд Арабиясында діни мектепте қаза тапты

CC0 / / бала
бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баланың қаза табу сәті мектепте орнатылған бейне бақылау камерасына түсіп қалған

АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. 2010 жылы туған қазақстандық бала Ахмед Нұр Сауд Арбиясының Медина қаласында Құран үйрену бойынша мектепте жазатайым оқиғадан қаза тапты. 

Арабиялық www.gdnonline.com порталының ақпаратына сәйкес, бастауыш мектебінің оқушысы баспалдақ таянышынан түспек болып, құлап кеткен. Оқиға мектеп холлына орнатылған бейне камерасына түсіп қалған. Бала оқытушысының көзінше қаза табады, алайда басқа балалармен сөйлесіп тұрған ол, Ахмедтің құлап кеткенін байқамай қалған.  

Sputnik Қазақстан агенттігіне Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, оқиға ағымдағы жалдың 23 сәуірінде орын алған. 

Баланың әкесі, 1981 жылы туған, Ислам медициналық университетінің студенті болып табылады. Отбасымен бірге Сауд Арабиясында тұрып жатқанына алты жыл болған.

Қаза болған баланың әкесінің айтуынша, видеоны көргеннен кейін, баласының жазатайым қаза тапқанына көзі жетіпті. Ол дипломаттарға бүлдіршінді қайтыс болған соң екінші күні Мединада жерлегенін хабарлаған. Мектеп басшылығына ата-ананың шағымы жоқ. 


Жаңалықтар
0