Оқиға

Алматыдағы Rixos қонақүйінің шатырынан ер адам құлап кетті

© AP Photo / Darko Vojinovicшатырда отырған адам
шатырда отырған адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыдағы бес жұлдызды қонақ үйдің шатырынан адам құлап кетті, оқиға орнында жедел топ жұмыс істеп жатыр

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Алматыда бес жұлдызды Rixos қонақүйінің шатырынан ер адамның құлап кетуінің мән жайын анықтап жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Көпір - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодарда жас қыз көпірден өзенге құлап кетті

"Бұл дерек бойынша Алматы ауданы ішкі ісер басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалады. Оның ішінде сот-медициналық сараптама да бар. Болған оқиғаның мән-жайы анықталатын болады", — деді Әзірбек. 

Оның атап өтуінше, шатардан құлап кеткен адамның тірі немесе жан тапсырғаны туралы хабардар емес екен.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел топ жұмыс істеп жатыр. 


Жаңалықтар
0