22:35 23 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Өнеркәсіп альпинисті

Альпинистің қатерлі қателігі: достары Василий Литвиновтің өзіне қол салғанына сенбейді

© Sputnik / Антон Денисов
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
23 0 0

Альпинистің достары Rixos қонақ үйіне сұрақ қойғылары келеді: жұмыс жасауға келісім шарты болмаған Литвинов режимді нысанның шатырына қалай шыққан?

АСТАНА, 19 мамыр — Sputnik. Альпинист Василий Литвинов Алматыдағы Rixos қонақ үйінің шатырынан құлап, оқиға орнына көз жұмды. 15 жылға жуық уақыт бойы өнеркәсіп альпинизмімен айналысқан жоғары санаттағы шебердің қайғылы қазасы 41 жастағы Василиймен таныс болған баршаны есенгіретіп қойды. 

Әлеуметтік желілерде Василий Литвиновті еске алған бірнеше пост жазылды. "Сондай деңгейдегі адам апатқа ұшырағанда – ол теңдессіз. Бұл себептерді күрделі және ашық тексеруді талап етеді. Ондай қайталанбауы тиіс! Промальп – альпинизм емес, ол кәсіп", — деп жазды Facebook әлеуметтік желісінде Игорь Костенко. 

Алайда Литвинов соңғы жылдары жұмыс істеген "Казспецремонт" ЖШС Rixos қонақ үйімен қандайда бір келісім-шарттың болғанын жоққа шығарады. Сол күні Литвинов қонақ үй шатырында ешқандай жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиіс емес еді. Қолында келісім шарты болмаған өнеркәсіп альпинистінің шатырға шығу есігі жабық және күзет қызметі өте қырағы ғимараттың шатырына қалай шыққаны түсініксіз болып тұр. Неліктен  секьюрити журналистердің сауалына жауап бермеді. Неліктен Литвиновті режимді нысанның шатырына шығарған. 

Sputnik Қазақстанға Литвиновтің достары айтқандай, ол таяуда зайыбымен ажырасып, өміріндегі өзгерісті ауыр қабылдаған. Алайда достары оның өзіне қол салды дегеніне сенбейді. 

"Василий мықты альпинист, жайнақы, батыл болатын, — деді альпинист Артем Скопин. – Барлығымыз үшін бұл үлкен шок". 

Rixos қонақ үйінен адамның құлағаны туралы 2017 жылғы 18 мамырда белгілі болды. Алматы полициясы тергеу жүргізіп жатыр.  


Басты тақырыптар