Оқиға

Астана ІІД: соққыға жығылған Fight Nights төрешісі полицияға арызданған жоқ

© Sputnik / Дархан МусинММА жекпе жегі
ММА жекпе жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БАҚ-тың хабарлауынша, төреші Радмир Габуллиннің жағы сынған

АСТАНА, 21 мамыр — Sputnik. Астанада шабуыл жасалған Fight Nights Global аралас жекпе-жегі бойынша төреші қалалық полицияға шағым түсірген жоқ, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне. 

Астана полициясында атап өткендей, бұзақылық дерегіне сәйкес Ресей Федерациясының екі азаматына қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырылыпты.  

"Олар әкімшілік жауапқа тартылып, 10 АЕК (22 690 теңге) айыппұл салынды. Зардап шегушіден полицияға шағым түскен жоқ", — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде. 

Бұдан бұрын ресейлік life.ru сайты аралас  жекпе-жектер бойынша Fight Nights Global турнирі өткен Астана қаласында жарыстардың бас төрешісі Радмир Габдуллинге шабуыл жасалды деп хабарлаған. 


Жаңалықтар
0