Оқиға

Астанада екі адам өзенге құлап кетті

© Sputnik / Еркен СалиховЖағалау
Жағалау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оларды құтқармақ болып суға секірген екі куәгердің бірі аман қалды

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Астанада ер адам мен әйел адам өзенге құлап кетті, оларды көрген екі куәгер құтқармақ болып, суға секірген.

Қалғып кеткен жүргізуші - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада рөлде ұйықтап қалған жүргізуші көшедегі көліктерді соққан

Төтенше оқиға жексенбі күні күндіз болған. Тұлпар көпірінің маңында ер мен әйел тиісті емес жерден өзенді кесіп өтпек болып, абайсызда суға құлап кеткен. Оларды көрген екі куәгер құтқармақ болып, өзенге секіреді.

Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан агенттігіне Қазақстан ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Куәгерлердің бірі құтқарылған. Медициналық көмек көрсетілген соң, ол үйіне жіберілді.

Сүңгуірлер өзеннен екі адамның денесін алып шықты. Олардың кім екені анықталады. Тағы бір адам іздестіріліп жатыр.

Жаңалықтар
0