Оқиға

Алматыда жас жігіт көлік астына түсіп, қаза тапты

© SputnikЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізуші бар жылдамдықпен келіп, жаяу жүргіншіні қағып кеткен

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Алматыда Қалқаман шағын ауданында жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып өлтірді.

Sputnik Қазақстан агенттігіне куәгерлер хабарлағандай, 1997 жылы туған жас жігіт жаяу өтпе жол маңынан жолды кесіп, өтіп бара жатқан. Сол кезде оңтүстік бағытта келе жатқан Toyota Camry көлігі жаяу жүргіншіні байқамай, бар жылдамдықпен келіп қағып кетеді.

© SputnikАлматыда жас жігіт көлік астына түсіп, көз жұмды
Алматыда жас жігіт көлік астына түсіп, көз жұмды - Sputnik Қазақстан
Алматыда жас жігіт көлік астына түсіп, көз жұмды

Жас жігіт алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Алматы полициясы болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Жаңалықтар
0