Оқиға

Ақтау-Жаңаөзен тас жолындағы жол апаты: 13 адам зардап шекті

© Photo : газета "Лада"жол апаты
жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маңғыстау облысының тас жолында ірі жол апаты болып, салдарынан 13 адам зардап шекті

АСТАНА, 25 мамыр — Sputnik. "Газель" және "Лада Ларгус" автокөліктері Ақтау – Жаңаөзен тас жолында соқтығысып, салдарынан 13 адам зардап шекті, деп хабарлайды өңірлік "Лада" газеті. 

Апат 24 мамыр күні күндіз болды.

Апаттар медицина орталығында хабарлағандай, зардап шеккен 13 адамның алтауы Жетібай кентіндегі ауруханаға бас сүйек ми зақымдануы және әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен жеткізілді.

Қалған жетеуі алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды.

Апаттың мән-жайы анықталуда. 

Жаңалықтар
0