Оқиға

Ірі көлемде алтын ұрлығының ұйымдастырушысын 8 ай өткен соң Алматыдан ұстады

© Sputnikалтын
алтын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыс ізі суытылмай ашылған, алайда күдіктіні қолға түсіру бірнеше айдан соң ғана мүмкін болды

АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik. Ақмола облысында "Қазақалтын" ТКМК"АҚ аумағынан құрамында алтыны бар материал ұрлығын ұйымдастырушы Алматыдан ұсталды, деп хабарлады ішкі істер департаментіне. 

Шахта - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Степногорскідегі шахтада қара алтын іздеуші үйінді астында қаза тапты

Полицейлердің ақпараты бойынша өткен жылдың 5 қыркүйегінде үш ер адам "Қазақалтын" ТКМК" АҚ аумағына заңсыз кіріп, биг-бег қаптарына салынған құрамында алтыны бар материалды "УАЗ" көлігіне тиеп алып кеткен. Ұрланған материалды Ақсу кентіндегі үйлердің бірінде сақтаған.

Полицейлер келесі күні қылмыстың бетін ашып, жалпы салмағы 881 келі болатын ұрланған материалдар салынған 21 қапты тапты. Алайда, сол кезде күдіктілерді бірден қылмыстың ізін суытпай ұстауға мүмкіндік болмады. 

Ұрлық дерегі бойынша ҚР ҚК 188 бабының 4 бөлімі (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерді ұстау үшін кешенді шаралар жүзеге асырылды. 

Нәтижесінде ағымдағы жылдың 24 мамырында сегіз ай өткен соң басты күдікті Алматы қаласында қолға түсті. 


Жаңалықтар
0