05:21 20 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.93
  • EUR423.00
  • RUB5.87
суға шомылу

Павлодарда қарындасын құтқарған оқушы ажал құшты

© Sputnik / Алексей Куденко
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
42 0 0

Бала өліміне жүрегіндегі ақаулық себеп болуы мүмкін

АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. Павлодар облысы Ефремаовка кентіндегі 6 сынып оқушысы қарындасын құтқарамын деп өзі ажал құшты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

"21 мамыр күні кешке Азамат үйіне келіп, тамақтанып алмай қарындасы Инабатпен көлге ойыншық ағаш қайығын жүздіруге кеткен. Олардың қасында көрші балалар – Савель мен Даша болған. Инабат көлдің жанындағы цементке тайып, суға түсіп кетті. Азамат артынан түсті", — деді оқушының апасы Нұргүл Уахитовна. Бала қарындасын жағаға шығарды, алайда Азаматтың өзі судан шыға алмай қалды. 

"Азамат ақылды бала болатын, 4 пен 5-ке оқитын. Ол қазақ-түрік лицейіне құжат тапсырды. Сонда оқуды жоспарлады. Екінің бірі оның жасағанын істей алмайды", — деді Гәпу Сарапжан. 

Мектеп директорының орынбасары Гәпу Сапаржанның айтуынша, Азаматтың жүрегінде ақаулық болған. 

Сараптаманың қорытындысы бойынша баланың өкпесінен су шықпады. Баланың жүрегі тоқтап қалған болуы мүмкін, деп жазады басылым. 


Загрузка...

Басты тақырып