Оқиға

Қазақстанда 4,0 магнитудалық жер сілкінісі болды

© Sputnik / Игорь Носов / Медиабанкке өтусейсмограф
сейсмограф - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық сейсмологтар бір тәулікте орын алған екінші жер сілкінісін тіркеді

АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. Қазақстанда сейсмикалық станциялар желісі 4.0 магнитудалық жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі Алматыдан 425 шақырым жерде орын алды. 

Сейсмограф - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыдан 425 шақырым жерде жер сілкінісі болды

"Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік батысқа қарай 547 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Тереңдігі – 15 шақырым. Сезілу туралы мәліметтер жоқ", — деп хабарлады ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының станциясы. 

Жер асты дүмпулер Алматы уақытымен сағат 14:08-де тіркелді. 

Бұдан бұрын Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 425 шақырым жерде түнде 4,7 магнитудалық жер сілкінісі болды деп хабарланған. 


Жаңалықтар
0