Оқиға

Ақмола облысында экскаватор жүргізушісі карьерге батып кетті

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуэкскаватор
экскаватор - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам техниканың жұмысқа жарамдығын тексеру үшін суы бар карьерге кетіп, қайта оралмаған

АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Ақмола облысында экскаватор жүргізушісі техникамен бірге карьерге батып кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға төтенше жағдайлар департаментінде. 

Оқиға 28 мамыр күні Қараөткел кентінде орын алды. 

"Қаражар" карьерінде ТЖД жедел құтқару жасағының күштері 1955 жылы туған ер адамды іздестірді. Ер адам —  экскаватор жүргізушісі – 27 мамыр  күні суға толы карьерге техниканың жұмысқа жарамдығын тексеру үшін кірген. Құрғаққа шығып бара жатқан кезде көлікті тартып, ол жанына қарай аударылды", — деп ақпараттандырды ТЖД. 

Агенттікке полицияда хабарлағандай, қаза болған жүргізуші – ШҚО Үрдіжар ауданының тұрғын. Ер адамның денесі мәйітханаға жолданып, сараптама тағайындалды. 


Жаңалықтар
0