Оқиға

Қостанай облысында жолаушылар автобусы өртеніп кетті

© Photo : "Наша газета"Қостанай облысында автобус өртеніп кетті
Қостанай облысында автобус өртеніп кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қостанай облысында Астанаға бет алған қалааралық автобус өртеніп кетті

АСТАНА, 3 маусым — Sputnik. Қостанай облысында Лисаковск — Астана бағдарлы қалааралық автобус түгелдей жанып кетті, деп хабарлайды "Наша газета" басылымы.

© Photo : Наша газетаҚостанайда жолаушылар автобусы өртеніп кетті
Қостанайда жолаушылар автобусы өртеніп кетті - Sputnik Қазақстан
Қостанайда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Басылым куәгерлерге сілтеме жасай отырып хабарлағандай, оқиға жұма күні сағат 23.30 кезінде Новонежинка ауылы маңында болған. Өрт себебі қысқаша тұйықталу болса керек.

Автобуста келе жатқандардың ешқайсы зардап шеккен жоқ: жолаушылар көліктен шығып, заттарын да алып үлгерген.

Жаңалықтар
0