18:06 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Әйел силуэты

ОҚО-да зорлау ісіне қатысты пікір білдірген прокурор қызметтен шеттетілді

© AFP 2019 / MARIA ANTONOVA
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
8000

Зардап шеккен қыздың анасы блогерге жүгінгеннен кейін оқиға бұқара көпшілікке жария болды

АСТАНА, 6 маусым — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында Бәйдібек ауданының прокуроры қоғамдық шу туғызған оқушы қызды алып қашып зорлауға қатысты оқиғадан кейін атқарған қызметінен шеттетілді, деп хабарлады бас прокурордың аға көмекшісі Думан Қожахметов. 

Ағымдағы жылдың мамыр айының соңында сегізінші сынып оқкшы қыздың анасы блогер Айгүл Орынбек арқылы бас прокурорға үндеу жасады. Анасының жүзі көрсетілмеген бейнеүндеуде, әйел қаскүнемнің қызын алып қашып кетіп, зорлағанын айтады. Полицияға арыз түсірілуіне қарамастан ол бостандықта болған. 

Аудан прокуроры БАҚ-та жеткіншектің өмірі туралы барлық жеке басының мәселелерін жайып салған.

"Бас прокуратура ОҚО-дағы жеткіншек оқушы қызды зорлауға қатысты істі бақылауға алды. Бәйдібек ауданының прокуроры Әбутәліп Мұстафаев қызметтен шеттетілді. Оған қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр", — деп жазды Қожахметов Facebook желісіндегі парақшасында. 


Загрузка...

Басты тақырып