09:33 14 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.52
  • EUR429.21
  • RUB6.07
Арық

Полиция арыққа ағып кеткен қыз қазасының мән-жайын айтып берді

© Sputnik /
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
248 0 0

Қаза болған қыз жақын жердегі арықтан өтетін көпірдің үстімен өтпеген

АСТАНА, 7 маусым — Sputnik. Алматыда суға кеткен қыз арықтан секіріп өтпек болған кезде аяғы таяй кеткен, деп хабарлады қалалық ІІД.

Полицияның хабарлауынша, 7 маусымға қараған түні құтқарушыларға қыздың арыққа түсіп кеткені туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына келген құтқарушыларға куәгерлер 1995 жылғы А. деген азаматшаның жақын маңдағы өту жолын қолданбай, секіріп өтпек болғанын айтып берген. Салдарынан тайып кеткен қыз арыққа құлап, оны ағын су әкеткен. Содан жол астындағы арық құбырына кіріп кетіп, тіреліп қалған. 

"Оның жанында болғандар жәбірленушіге көмектесе алмай қалған. Мүрдені алып шығу үшін құтқарушылар тексеруге арналған люкті ашып, бетон қоршауды сындыруға мәжбүр болды. Оған біраз уақыт кеткен", — деп түсіндірді полицияда. 

Алдын ала деректер бойынша, оқиғаға дейін жәбірлеушінің қасында болған компания қаладағы көңіл көтеру орындарының бірінде уақыт өткізіп, өздерінің айтуынша алкогольдік ішімдік ішкен, деп атап өтті полицияда. Адам өлімі дерегі сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. 

Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы оқиға бойынша материалдар Медеу аудандық ІІД өндірісіне алынды. 


Загрузка...

Басты тақырып