Оқиға

Оңтүстік Қазақстанда үш күннен бері өзеннен жеткіншектің денесі іздестіріліп жатыр

© Photo : ДЧС ВКОсу
су - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қатты ағыс пен өзендегі қоқыстың көптігі сүңгірлердің жұмысын қиындатып жатыр

АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. Құтқарушылар Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам Су өзенінде сүңгір-іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар үш күн бұрын суға кеткен 13 жасар жеткіншектің денесін іздестіруде, деп жазады өңірлік Otyrar басылымы. 

құдық - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстанның батысында екі жасар қыз тұндырғышқа батып кетті

Көзбен көрушілердің сөзіне қарағанда, бала көпірде ойнап жүріп, абайсызда суға түсіп кетеді. ТЖД қызметкерлері жеткіншекті іздеуге қоңырау түскеннен кейін бір сағаттан соң аттанған. 

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстарына 14 адам мен төрт техника құралы жұмылдырылған. "6 маусым күні сағат 19.00 шамасында ТЖ кезекшілік қызметінің пультіне Сайрам кентінде көпірдің жанында Сайрам су өзеніне 2004 жылы туылған Мұрамет Елмұрат түсіп кетті деген хабарлама келіп түсті. Бүгінгі күнге дейін іздеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытқа дейін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, бірақ ол жерде ағыс өте қатты, көпірдің астында көптеген бетон плиталар жатыр. Осы қоқыстар, қалдықтар біздің сүңгірлерге кедергі келтіріп жатыр", — деп хабарлады ОҚО ТЖД ТЖ жою бөлімінің басшысы Нұржан Әсілбеков. 

Баланы іздеуге құтқарушылардан бөлек 50-ге жуық ерікті жұмылдырылған. Олар өзен жағалауларын шолып жатыр. Күн жылығалы бері Оңтүстік Қазақстан облысының суларында 16 адам қаза болады, олардың 11-і жеткіншектер. 


Жаңалықтар
0