Оқиға

Көкшетаудағы судья өліміне қатысы бар күдікті бұрын сотталған болып шықты

© AP Photo / Richard DrewҚамауға алу
Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көкшетауда ұсталған ер адам судьяны өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды полиция

АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Ақмола облысы полициясы судьяның өліміне қатысы бар күдіктінің ұсталғанын ресми түрде растады.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Көкшетауда судьяны өз үйінде өлтіріп кетті

13 маусым күні таңертең Ақмола облыстық сотының жүргізушісі қылмыстық істер бойынша коллегия төрайымы Жанна Бердіғұлованы алып кетуге келеді. Күте-күте шықпаған соң, телефонына хабарласады, бірақ судья жауап бермейді. Есікті ашып кіргенде, 46 жастағы әйелдің жансыз денесі табылыпты.

Құқық қорғау органдары 99-бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Сот алды тергеу ісі жүргізілуде.

Полиция хабарлағандай, әйел адамды жуынатын бөлмеде тұншықтырып өлтірген. Жедел іздеу шаралары нәтижесінде сол күні полицейлер Көкшетауда тұратын күдіктіні ұстады. Ол 1984 жылы туған, бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Заттай айғақтар алынып, күдікті қылмысын мойындады. Қазір уақытша ұстау изоляторында отыр, қылмыс себебі анықталуда.

Жанна Бердіғұлова туған қаласы Алматыға судья болып ауысуға құжат тапсырған екен. Келесі аптада оңтүстік астанаға аттанып кетуі тиіс болатын.

Жаңалықтар
0