Оқиға

ШҚО-да үш жасар қыз тәулік бойы іздестірілді

© Photo : Рixabayбүлдіршін
бүлдіршін - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүлдіршін аман есен табылды

АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. Шығыс Қазақстанның Белокаменка кентінде 300-гежуық кісі үш жасар қызды іздестірді, деп хабарлайды өңірлік YK-news.kz басылымы. 

Сәби 25 маусым күні жоғалып кетті. Қыз бала балалармен бірге көрші аулада ойнап жүрген, одан кейін жоқ болып кетті. Соңғы рет оны сағат түске қара көрген. Анасы алдымен қызын өзі табуға тырысқан. Нәтиже шықпаған соң полицияға жүгінген. 

терезеге қарап тұрған қыз - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Көкшетауда жоғалып кеткен оқушы қараусыз қалған үйден табылды

Төрт топ полицей қызды түнімен іздеген, алайда іздеу шаралары нәтиже бермеді. Облыс орталығынан келесі таңда тікұшақ жіберілді. ТЖ қызметкерлері суды іздеді. Қызды сондай-ақ әкімдік қызметкерлерімен жергілікті тұрғындар іздестірді. Бүлдіршінді 300-ге жуық адам іздеді.

"Кешке қарай ауылдан төрт шақырым жерден қамыстың арасында ұйықтап жатқан қызды шопан мен учаскелік полиция қызметкері тапқан", — деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі. 

Қыз аман есен табылды, қазір ол дәрігерлердің бақылауында.  


Жаңалықтар
0