Оқиға

Әйелдерді құлдықта ұстаған т/ж станциясының бастығы 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды

© Public Domainқұлдық
құлдық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйелдер фермада бірнеше жыл өткізген

АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында адамдарды құлдықта ұстаған теміржол станциясының 53 жасар бастығы бес жыл алты айға бас бостандығынан айыруға сотталды, деп жазады өңірлік "Диапазон" газеті. 

Өткен жылғы қыста полицейлер құлдықтан 44 және 29 жастағы екі әйелді босатты. Олардың сөзіне қарағанда, Хромтау ауданындағы фермада оларды жұмысқа жегіп, ашқа төлемеген. Теміржол станциясының бастығы 53 жастағы Ғани Ілиясовқа қылмыстық іс қозғалды. 

Қойшы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Көп жыл құлдықта болған Солтүстік Қазақстан тұрғыны үйіне оралды

"Сот анықтағандай, 2008 жылғы тамызда Ілиясов ауылдық әйелге жұмыс, тамақ және баспана ұсынған. Ол келіседі. Ілиясов жаңа жұмысшыны Бақай станциясына әкеледі, ол жерде әйел 9 жыл өткізіп, 2017 жылдың ақпанына дейін үйдегі, мал шаруасындағы бүкіл қара жұмысты істеген, алайда еңбегіне ешқандай ақы алмаған", — деп жазады басылым. 

Уақыт өте Ілиясов жұмысшылар санын арттыруды ұйғарады. Ақтөбе мектептерінің бірінің маңында жұпыны киінген әйелге мал бағып, сиыр саусаң 50 мың теңге төлеймін деп ұсыныс жасайды. Әйелдің баратын жері жоқ екенін ешкімнің оны іздемейтінін білген ер адам оны шаруашылықта күштеп ұстап отырды. Кейіннен жақсы жағдай мен жалақы уәде етіп жұмысқа, Ілиясов Богословкадан тағы бір әйелді тартады. Оның да басына осы алдыңғылардың тағдыры түсті. 

Өткен жылдың соңында әйелдер қашып кетпек болады, алайда олардың әрекетері іске аспай қалады. 

Фермада күштеп ұсталып отырған әйелдердің бірі қалаға "Мен Бақай станциясындағы Ғани Ілиясовтың фермасындамын, мені жібермей жатыр, көмектесіңіздерші" деген хабарлама жолдағаннан кейін олар құтқарыларды. 

Ілиясовтың өзі кінәсін мойындаған жоқ. Оның сөзіне қарағанда, әйелдер ақша сұрап, үлеріне қатамыз демеген соң жалақы төлемеген. 

Сот Ғани Ілиясовты кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға соттап, жәбірленушілерге екі миллион төлеуге міндеттеді. 


Жаңалықтар
0