Оқиға

Алматылық адвокатты соққыға жығу бұзақылық ретінде квалификацияланды

© Sputnik / Табылды КадырбековҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жанна Уразбаховамен болған оқиға 27 маусымда орын алды, тергеу қалалық прокуратураның бақылауына алынды

АСТАНА, 30 маусым — Sputnik. Танымал адвокат Жанна Оразбахованы соққыға жығу оқиғасы қалалық прокуратураның бақылауына алынды, деп хабарлады прокурордың аға көмекшісі Думан Қожахметов. 

"ҚР Бас прокуратурасының нұсқауы бойынша Алматы қалалық адвокаттар алқасы адвокаты Жанна Уразбахованың арызы 28.06.2017 жылы Алматының Бостандық ауданының ІІБ сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлімі — бұзақылық бойынша тіркелді. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның барысы Алматы қалалық прокуратурасының бақылауына алынды", — деп жазды Думан Қожахметов Facebook-тегі парақшасында. 

Танымал адвокат Жанна Уразбахова сот залында соққыға жығылғанын хабарлады – жауапкер ер адам құқық қорғаушыға қатты соққы жасап, сот залынан шығып кеткен. 

Күзетші оқиғаға араласқан жоқ. Жанна Уразбахова сондай-ақ жол апатында аяғынан айырылған Екатерина Парафиеваның адвокаты болып табылады. 


Жаңалықтар
0