Оқиға

Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болды

© Photo : ДВД Карагандинской областикөпірден секірмек болған жігіт
көпірден секірмек болған жігіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам журналистер мен прокурорлардың келуін талап еткен

АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Қарағандыда жас жігіт көпірден секіріп кетпек болды, полицейлер екі сағат бойы сөйлескеннен кейін оны көндіріп түсіріп алды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Қарағанды облысы ішкі істер департаментінде. 

Сағат екілер шамасында полицияға бейтаныс ер адамның Гоголь көшесінің бойындағы көпірден секіріп кетпек болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел қызметтер тартылды. 

"1982 жылы туған ер адам прокурор мен журналистердің келуін талап етті. Артынан белгісіз адамдар аңдып жүргенін айтып, өтіп бара жатқан адамдарды көрсетті", — деп хабарлады баспасөз қызметінде. 

Екі сағат бойы ер адаммен сөйлескен кейін Қарағанды орталық полиция бөлімшесі бастығының  орынбасары Қайрат Байзақов, ақыры оны секірмеуге көндірді. 


Жаңалықтар
0