Оқиға

Бас прокуратура: қамауға алынған кәсіпкер Тоқмәдиден қару-жарақ алынды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтутапанша
тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Одан бөлек Бас прокуратураның мәліметінше, Тоқмәдиден жалған құжаттар алынған

АСТАНА, 20 шілде — Sputnik. Маусымда қамауға алынған Мұратхан Тоқмәдиден қару-жарақ алынды, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасында.

Жәмила Айымбетова-Тоқмәдидің парақшасы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қамауға алынған Тоқмәдидің жары тағы да халыққа үндеу тастады
  "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жедел-тергеу тобымен ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған деректер бойынша Мұратхан Тоқмәдиге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", — деп хабарлады Бас прокуратура өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

Қадағалау органдарының ақпаратына сәйкес, тінту барысында күдіктіден ірі мөлшерде қару-жарақ, қаржылық және жалған құжаттар мен басқа айғақтық дәлелдемелер алынды.

Азаматтардың арыздары мен өтініштері бойынша қосымша тергеу жүргізіліп, Мұратхан Тоқмадидің басқа қылмыстық әрекеттері де тексерілуде.


Жаңалықтар
0