Оқиға

Түркістанда мақта қоймасынан өрт шықты

© Photo : комитет по ЧС МВД РКТүркістанда қоймадан өрт шықты
Түркістанда қоймадан өрт шықты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дайын тауарлар сақталған қойма мақта және майлықтар шығаратын компанияға тиесілі

АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында тауар сақталған үлкен қойма өртенді, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оның берген мәліметіне сүйенсек, "Фараб" ЖШС-не тиесілі қойма бейсенбі 20 шілде күні сағат 07.17-де өртенген. Компания медициналық мақта, мақта таяқшаларын, майлықтар және т.б. шығарады.

© Photo : ҚР ІІМ ТЖКТүркістанда мақта қоймасынан өрт шықты
Түркістанда мақта қоймасынан өрт шықты - Sputnik Қазақстан
Түркістанда мақта қоймасынан өрт шықты
 

Өртті сөндіруге екі сағат кеткен. 30 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Өрт 09.07-де сөндірілген.

Өрт аумағы 600 шаршы метрді құраған. 

Жаңалықтар
0