Оқиға

Алматыдағы техникалық қызмет көсету станциясында шыққан өртте екі көлік өртеніп кетті

© Sputnik / предоставлено очевидцамиекі көлік өртеніп кетті
екі көлік өртеніп кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Техникалық қызмет көсету станциясында өрт шығып, салдарынан екі көлік түк қалай өртеніп кетті

АСТАНА, 23 шілде — Sputnik. Алматыдағы Шаңырақ-1 шағын ауданында орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясында болған өрт кезінде екі көлік өртеніп кетті, бір ада зардап шекті.

Sputnik Қазақстан агенттігіне көзбен көрушілер хабарлағандай, өрт сенбіден жексенбіге қараған түні орын алды. 

"Ер адам Жасқайрат көшесі, 10 мекен жайы бойынша үйді жалға алып, оны техникалық қызмет көрсету станциясына жабдықтаған. Өрт шығып, Wolksvagen және Mercedes көліктері түк қалмай өртеніп кетті. Сондай-ақ, өрт кезінде ер адам зардап шегіп, күйік шалумен ауруханаға жатқызылды", — деді оқиға куәгері. 

Өрт себептері анықталуда. 


Жаңалықтар
0