Оқиға

Алматыдағы жол апатынан тоғыз адам зардап шекті

© Sputnik / предоставлено очевидцами9 человек пострадали в ДТП в Алматы
9 человек пострадали в ДТП в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апаты Фурманов және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орын алы.

АСТАНА, 23 шілде — Sputnik. Алматыда сенбіден жексенбіге қараған түні  орын алған жол апаты салдарынан тоғыз адам зардап шекті. 

Жол апаты Фурманов және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орын алы. 

Көзбен көрушілердің сөзіне қарағанда, Toyota Land Cruiser Prado Қабанбай батыр көшесінің бойында батыс бағытында қозғалып келе жатып, бағдаршамның қызыл шамына өтіп кетпек болған. Бұл кезде Фурманов көшесі бойынан солтүстік бағытта Hyundai Accent жүріп келе жатқан. Оның жүргізушісі әрекет етіп үлгере алмай, қатты жылдамдықпен жол тлғамайтын көлікке соқтығысты, Land Cruiser соққыдан талға соғысты, ал жеңіл көлік инерциямен ГАЗель автокөлігіне соқтығысты. 

"Апат салдарынан Hyundai Accent  салонда қысылып қалды. Оқиға орнына ТЖ құтқарушылары келіп, жолаушыны көліктен шығарып, оны дәрігерлерге берді. Land Cruiser жүргізушісі ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды. Жалпы жол апатынан тоғыз адам зардап шекті", — деді апат куәгерлерінің бірі. 


Жаңалықтар
0